WRO Казахстанға қош келдіңіз!

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Қазақстандағы Дүниежүзілік робототехника олимпиадасының (WRO) ұлттық ұйымдастырушысы болып табылады. Біз жыл сайын Олимпиаданың аймақтық және республикалық кезеңдерін өткіземіз. WRO жарыстарына қосылыңыз және инновациялар, технологиялар мен робототехника әлемін ашыңыз!
Толығырақ білу
12+

жылдық білім беру
робототехникасындағы тәжірибе

4 499

оқытылған мұғалімдер

9 527

олимпиада қатысушылары

WRO ресми
аккредитациясы

Біздің миссиямыз — робототехника жарыстары арқылы балалардың шығармашылық ойлауын және мәселелерді шешу дағдыларын дамыту. WRO-ның әрбір маусымы қатысушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, жаңа тақырыптар мен тапсырмалар ұсынады.

NIS Robotics ресми түрде World Robot Olympiad аккредитациясынан өткен және Қазақстан Республикасында олимпиаданың ұлттық кезеңдерін өткізуге құқылы. Мәртебе халықаралық сертификатпен расталған

Робототехникаға қызығушылық динамикасы

NIS Robotics «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ атынан - 2014 жылдан бастап Қазақстанда World Robot Olympiad ережелері бойынша олимпиадалардың ұлттық ұйымдастырушысы ретінде іріктеу аймақтық және республикалық олимпиадаларды өткізеді.

2014 жылдан бері робототехника және бағдарламалаумен айналысуға қызығушылық танытқан балалар санының артқаны байқалуда.

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары
Жалпы білім беретін мектептердің оқушылары
2000150010005000
2014
2015
2016
2017
2018
2019
2021
2022
2023
2024
2025

WRO-2026 маусымының кезеңдері

World Robot Olympiad-қа қатысудың негізгі кезеңдері

Аймақтық кезең

WRO-ның барлық санаттары бойынша іріктеу жарыстары Қазақстанның түрлі қалаларында өтеді. Жеңімпаздар республикалық кезеңге жолдама алады.

🌍

Өткізілу орны

Аймақтағы Зияткерлік мектептер базасында
🎭

Маусым тақырыбы

Robots Meet Culture (Роботтар және мәдениет)
🗓️

Өтінім беру мерзімі

2026 жылғы 3 сәуірге дейін
Зарегистрировать команду
Аймақтық кезең

Республикалық кезең

Ұлттық деңгейде командалар Қазақстан атынан WRO халықаралық олимпиадасына қатысу құқығы үшін бақ сынайды

🌍

Өткізілу орны

Қазақстан
🎭

Маусым тақырыбы

Robots Meet Culture
🗓️

Өткізілу күні

2026 жылғы маусым
Республикалық кезең

Международный финал

Елдің үздік командалары World Robot Olympiad ережелері бойынша дүниежүзілік олимпиадаға қатысады.

🌍

Өткізілу орны

АҚШ, Пуэрто-Рико
🎭

Маусым тақырыбы

Robots Meet Culture
🗓️

Өткізілу күні

2026 жылғы желтоқсан
Международный финал
Олимпиаданы ұйымдастыру сұрақтары бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Тәрбие жұмысы департаментіне хабарласуға болады: +7 7172 23 58 19

WRO 2026-ға қатысу не береді?

  • Инженерлік, логикалық және алгоритмдік ойлауды дамыту

  • Робототехника саласындағы нақты тапсырмалармен практикалық жұмыс

  • Командалық жұмыс, жауапкершілік және жобалық тәсіл дағдылары

  • Ұлттық және халықаралық деңгейлерге шығу мүмкіндігі

  • Білім беру портфолиосындағы мықты әрі танымал жетістік

Байланыс мәліметтері

Мекенжай:

Қазақстан Республикасы,
Астана қ., Есіл ауданы
Хусейн бен Талал к-сі, 21/1 ғимарат

Телефон:

+7 7172 235819