Banner

WRO 2026 ҚАЗАҚСТАН: ҰЛТТЫҚ ФИНАЛ

Қазақстандағы World Robot Olympiad 2026 ұлттық кезеңінің ережелері

Хабарландыру

WRO 2026 республикалық кезеңі қатысушыларының формасына қойылатын талаптар

Құрметті қатысушылар!

Командалық форманы алдын ала дайындау қажеттілігі туралы хабарлаймыз.

Төменде қатысушылардың сырт келбетіне қойылатын бірыңғай талаптар берілген:

Формаға қойылатын талаптар:

  • Негізі: кез келген түстегі футболка немесе худи (команданың таңдауы бойынша).

  • Алдыңғы жағы: ортасына олимпиада логотипін салу қажет (орналасу үлгісі суретте көрсетілген, басылуы сапалы болуы тиіс).

  • Артқы жағы (арқасы): командаңыздың атауы мен жарыс санатын міндетті түрде көрсетіңіз.

    Футболка с логотипом 1.png

🔗 Іс-шара логотипін жоғары сапада жүктеу

Дайындыққа сәттілік тілейміз!

Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы NIS интернатына орналасуға қойылатын медициналық талаптар

📢 Интернатта тұруды жоспарлап отырған қатысушылардың назарына!

Жарыс өткізу кезеңінде оқушылардың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығын, қауіпсіздігін және денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында интернатқа орналасу тек келесі медициналық құжаттар болған жағдайда ғана қатаң түрде жүзеге асырылады:

Келген күнге дейін 3 (үш) күннен ерте емес мерзімде тұрғылықты жері бойынша медициналық ұйым берген эпидемиологиялық орта туралы анықтама.

⚠️ Маңызды ақпарат: Аталған медициналық құжаттардың кез келгені болмаған жағдайда, оқушыларды интернатқа орналастыруға мүлдем жол берілмейді.

Команда жетекшілері мен қатысушылардың заңды өкілдерінен қажетті медициналық анықтамаларды алдын ала дайындауды сұраймыз.

WRO 2026 жылғы республикалық кезеңінің бағдарламасы

Ережелер

Қатысушылардың тізімі

WRO 2026 Республикалық кезеңіне қатысушылардың тізімі