НАЗАРДА
Медиа кеңістігіндегі NIS Robotics туралы жарияланымдар мен репортаждардың мұрағаты
Баспасөз беттерінде
Казахстанская правда - Будущее – за роботами
В Шымкенте завершился республиканский этап World Robot Olympiad (WRO) – одного из самых престижных мероприятий в сфере технического образования. В этом году участие в соревнованиях принимали около 300 школьников из всех регионов Казахстана.
24KZ - Шымкентте робототехника бойынша республикалық олимпиада басталды
Шымкент қаласында еліміздің әр өңірінен жиналған дарынды оқушылардың қатысуымен робототехника пәні бойынша республикалық олимпиада басталды. Іріктеуден өткен 270 бала өздерінің инновациялық жобаларын жұртшылыққа таныстырды. Олимпиадаға қатысушылар тек техникалық қабілеттерін ғана емес, сонымен қатар қоғам мен жаһанға пайдасын тигізетін шешімдер ұсынуға басымдық берді.
Ernur.kz - Шымкентте Қазақстанның үздік жас робототехниктері анықталды
Шымкентте World Robot Olympiad халықаралық робототехника олимпиадасының республикалық кезеңі өз мәресіне жетті. Олимпиаданы дәстүрлі түрде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы өткізді. Биылғы жарысқа Қазақстанның барлық аймағынан жиналған 137 командада 300-ге жуық оқушы бақ сынады. Ескерту! ERNUR.KZ порталында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпараттық порталдың меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде негізгі мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде ERNUR.KZ сайтына гиперсілтеме көрсету талап етіледі.
ONTUSTIKTV - РОБОТОТЕХНИКАДАН ҰЛТТЫҚ ДОДА БАСТАЛДЫ
Бүгін Шымкентте жас өнертапқыштар үшін World Robot Olympiad халықаралық олимпиадасының республикалық кезеңі басталды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ұйымдастырған бұл іс-шараға еліміздің әр аймағынан 300-ге жуық оқушы жиналды.
OTYRARTV — Шымкентте робототехника олимпиадасының республикалық кезеңі басталды
Ұлттық кезеңге Қазақстанның әр өңірінен 300-ге жуық оқушы қатысуда
HanTV - "БОЛАШАҚ ЛИДЕР": «WRO 2025» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІ
Шымкентте робототехникадан ұлттық олимпиада басталды. Сайысты Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымдары өткізуде. Ұлттық деңгейдегі жарысқа еліміздің бірнеше аймақтарынан келген 300-ге тарта оқушы қатысуда.
Әлеуметтік желілер
Актауские школьники завоевали бронзовые медали на международном чемпионате по робототехнике WRO Asia-Pacific Open Championship 2026, который прошел в городе Хайдарабад (Индия), сообщает Оtpannews.kz. Сборную Казахстана к соревнованиям подготовила автономная организация образования «Назарбаев Интеллектуальные школы».
Оңтүстік Кореяда өткен беделді World Robot Olympiad (WRO) Korea International Invitational 2026 халықаралық робототехника турнирінде Қазақстанның намысын қорғаған Павлодар облысының жас робототехниктері жоғары нәтиже көрсетті!
Оңтүстік Кореяның Чхонджу қаласында 8–9 тамыз күндері өткен 2026 WRO KOREA National Final ашық халықаралық олимпиадасында лицейіміздің оқушылары Қазақстанның ұлттық құрама командасы құрамында ел намысын қорғады.
Көкшетаудағы NIS командасы World Robot Olympiad 2026 дүниежүзілік робототехника олимпиадасының республикалық кезеңінде Future Innovators Senior санаты бойынша 3-орын иеленді.
Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары республикалық World Robot Olympiad 2026 робототехника олимпиадасында үздіктер қатарынан көрініп, халықаралық жарысқа жолдама алды
WRO-2025: Ең жас қатысушылар. Кішкентай болса да – армандары биік! Олар қазірдің өзінде инженер сияқты ойлап, жобаларын шабытпен таныстырады.
WRO 2026: Қазақстанның үздік робототехника командалары анықталды
WRO 2026: определены лучшие робототехнические команды Казахстана
WRO қатысушылары мәдениет пен технология үндестігін көрсететін креативті жобаларын ұсынуда